Қарағанды көмір бассейнінің тарихы

 

Қарағанды көмір бассейні - әлемдегі ең ірі көмір бассейндерінің бірі. Көмір қорлары бойынша КСРО-да Кузбас пен Донбастан кейін 3,6 мың ш.ш. шамасындағы көлемімен үшінші орында болды. Көмір шығару жер асты тәсілімен алынады. Көмір шығарудың басты орталықтары – Қарағанды, Саран, Абай, Шахтинск қалалары.
Кокстік көмірдің тұтынушылары Қазақстан және Ресейдің металлургиялық зауыттары, қуаттық – темір жол көлігі, электростанциялар және өндірістік кәсіпорындар болып табылады.
Қарағанды көмір бассейнінің тарихы 176 жыл бұрын, 1833 жылы қазақ шабаны Аппақ Байжанов тас көмірдің бірінші кесектерін тапқанда басталды. Ол Нұра өзенінің оңтүстігіндегі Қарағанды маңайында болды. Бұл жер бұрынғы заманнан, екі қазақ -Сармантай және Марат тегінің иелігінде болды.
1856 жылы кен орны Петропавл көпесі Николай Ушаковпен 250 сомға сатылып алынды. Сол жылы «Қара Забой» атты Ивановтық ашық кесілген жер жұмысқа қосылды. 1868 жылы көмір 8-14 елі тереңдікте алынды, кесілген жерде 78 адам жұмыс істеді. Көмірді үлкен емес Спасск мыс балқыту зауытының қажеттілігі үшін шығарды.
ХІХ ғасырдың соңына қарай көп уақыт ішінде Қарағанды көмір қазбаларында иелік еткен Ушаковтың және компанияның мұрагерлері толық тоқырауға ұшырап, осы кәсіпорындарды Жан Карноға (Сади Карно Франция президентінің ұлы) жалға берді. 1905 жылдың көктемінде Николай ІІ қолдауымен Жан Карно иелеріне 766 мың сом төлеп, ресми қожасы болды.
1907 жылы бұл кәсіпорындар Лонданда Джим Гербертпен құрылған «Спасск мыс рудаларының акционерлік қоғамы» иелігіне берілді.
1918 жылы 11 мамырында В.И. Ленин спасск мыс балқыту зауытын және басқа да кәсіпорындарды ұлттықтандыру туралы қаулыға қол қойды. 1920 жылы геологиялық комитет Қарағандыға ірі геолог-ғалым Гапеев басшылығымен мамандар тобын геологиялық зерттеулер жүргізу үшін іс-сапарға жіберді. Бұл экспедиция Қарағанды қазбаларының қоры туралы бірінші ғылыми негізделген еңбек жазды, ол жерде 300 шаршы километр көлемде 4 миллиард тонна көмір қорын құрады деген.