Бастысы

 

«Гефест» көмір өндіріс кәспорындар ассоциациясы 2003 жылдың ақпан айынан бастап, коммерциялық емес ұйым ретінде құрылып, жұмыс бабын реттеп және заңды тұлғалардың мүддесін қорғап, Қазақстан индустриясының көмір секторында жұмыс істейді. Алты жыл ішінді бұл Ассоциация құрамына жалпы саны төрт мыңнан астам қызметкерлері бар 30-дан аса кәсіпорындар мен ұйымдар кірді.

«Гефест» құрамына кірген кәсіпорындардың көбісі қайтарымды емес немесе Ассоциацияға кіру уақытында жұмыс істемей тұрған болатын, көбісі толығымен немесе бөлшек түрінде бөлщектенген. Басқа алдағы ізашарларға қарағанда, жаңа активтерді алу барысында «Гефест» өз алдына өнеркәсіпті жандандыруды немесе жақсартуды, жұмыс істемей тұрған кәсіпорындарға жаңа өмір беру, жаңа жұмыс орындарын құруды мақсат етіп қойды.

Біздің кәсіпорындар әр түрлі салаларда жұмыс істейді. Кәсіпорындар ассоциация қызметінің негізгі бағдарламасы – Қазақстанның ішкі нарығы мен шетелдерде көмір өндіру және оның өткізілімі. Негізгі экспорттық өнім – металлургиялық  кәсіпорындарында шикізат ретінде қолданылатын кокстік қосылым.

Қазіргі таңда Ассоциация құрамына Қарағанды облысының бірнеше көмір өндіруші компаниялар кіреді, сонымен қатар жаңа шахталарды салу жобалары жүріп жатыр. Жалпы көмір қоры 1 миллиард тоннадан асады. Көмір ашық та, жабық та тәсілмен алынады. Көмірді қайта өңдеу екі фабрикада жүргізіледі, онда айына 250-300 тонна өңделеді.
Сонымен қатар, «Гефест» Ассоциациясы басқа да салаларда диверсификациялық өндіріс (темір және марганец кендерін өндіру) қызметін атқарып қоймай, индустрияның басқа да стратегиялық бағдарламаларында  жұмыс жүргізеді. 

Ассоциацияның металлургиялық секторы Айдарғалы кен орнымен айқындалады, кен орын аймағында марганец пен темір рудаларының кен орнының үлкен қоры бар.  Қазіргі таңда, Ассоциация кенді ашық тәсілмен өндіреді, рудникте орналасқан руданы алдын-ала өңдеу  ұсатқыш-іріктегіш құрал-жабдығы  арқылы дасалады , жаңа кен орындарын іздеу және бағдарлау  жұмыстары жүргізіледі. 

Ассоциация құрамына автокөлік арқылы көмірді тасымалдау және техникалық қызмет атқаратын компаниялар кіреді. Бұл компаниялар жеке меншік автомобиль парктеріне, техникаға және темір жол арқылы тасымалдау составтарына ие. Компанияның филиалдары Ресей аймағында орналасқан.
2004 жылдан бастап «Гефест» Қарағанды  облысының энергетикалық  кәсіпорындарының қызығушылықтарының өкілі болып саналады: Ассоциация құрамына электро бөлуші компаниялар және жылу электростанция кірді.

Электро бөлуші компаниясы электроқуатты беру және бөлумен айналысады. Өнеркәсіп Қарағанды қаласында және Қарағанды облысында қуатпен қамту желісіне ие, оның электроөткізгіш линияларының жалпы  ұзындығы 7000 км асады.

Ассоциация құрамына кіретін жылу электро станциясы Қазақстан Республикасының ескі электростанцияларының бірі. Қазіргі таңда ГРЭС Теміртау қаласының ескі бөлігін жылу қуатымен, сонымен қатар қаланың өндіріс объектілерін электроқуатпен қамтамысыз етеді. 

Ассоциация құрамында «Гефест» құрамына кіретін ұйымдарға қызмет көрсететін бірнеше сервистік кәсіпорындар және басқа да кәсіпорындар кіреді. Сервистік компаниялармен көрсетілетін қызметтерге тау-шахталық және электромеханикалық құрал жабдықтарды орнату, күйіне келтіру және жөндеу, ревизиондық-қалпына келтіру және элекромонтаждық жұмыстар, жұмыс техника қызметі және қорғау қызметі  кіреді.            

Ассоциация серіктестік қарым-қатынасты алдағы дамытуға және тек Қазақстандағы емес, сонымен қатар жақын және алыс шет елдеріндегі өсіп келе жатқан дайын өнім қажеттілігін қанағаттандыру мақстаныда өндірістің көлемдерін және бағыттарын ұлғайту мақсатталған. Бизнес дамуының стратегиялық жоспары – Қазақстан шикізат ресурстарын қайта өңдеу бойынша толық спектр қызметін көрсететін, көп жақты тігінен ықпалдасқан ұйымды құру