Жаңалықтар

 

6 сәуір 2009ж. – Қазақстан, Қарағанды – «Гефест» Ассоциацияның 2 жаңа тазартқыш  забойы пайдалануға мемлекеттік комиссиямен қабылданды.
27 наурызда Қарағанды көмір бассейінінің «Кировский» және «Западная» екі бірдей шахталарының жаңа атпалары пайдалануға алынды. Екі шахта да көмір өнеркәсібі «Гефест»  Ассоциациясының мүшесі. «Гефест»  өнеркәсіп Ассоциация өнімінің негізгі тұтынушылары металлургиялық өнеркәсіптер болып табылады. Жаһандық дағдарыс кезінде, металлургиялық комбинаттардың өндіріс көлемдері төмендеді. Соның салдарынан көмір өніміне сұраныс та төмендеді. «Бірақ  қалай болса да, көмір өткізілімімен туындаған қиыншылық, өндірісте жаңарту өткізуге қосымша уақыт берді», - дейді, «Гефест» Ассоциациясының көмір шығару бойынша директоры Николай Михайлович Лясников. – Жаңа атпалар ең алдымен, қауіпсіз тазарту жұмыстарын жүргізуді қамтамасыз ететін, сапалы құрал-жабдықпен жандандырылған. Ассоциация басшылығы барлық қызметкерлер алдына мақсат қойды – көмір шығарылымы адам денсаулығына және өміріне деген тәуекелдік үлесі аз болу керек».
Шахталардың қызметкерлерімен тозған құрал-жабдықты ауыстыру немесе толық жөндеу бойынша үлкен жұмыс жүргізілді. «Кировская»  шахтасында конвейерлер өндірісті ұлғайтатын 4 ленталық конвейерлеріне ауыстырылды, бастамалық  құрыл-жабдық, 4 километрден көп кабельдік өнім және 400 метрден астам біріктіргіш конвейерлердің шынжыры, күш гидравликасы және механизмдірілген бекіткішті басқару гидравликасы ауыстырылды, тау өндірудің 600 метрі бекітілді. Осындай жұмыс ауқымы «Западная» шахтасын да да жүргізілді.
«Біздің  шахталардағы жаңа екі тазартқыш забойларды дайындау – осы өнеркәсіптерді дамытудағы жаңа кезең, ол көмір сапасы туралы сұрақтардағы алдыңғы қатарлы көрсеткіштерге жетуге мүмкіндік туғызады. Өнімнің жоғары сапасын ұстау компанияның негізгі салушы қағидасы болып табылады, осы өлшем дағдарыс кезінде маңызды. Ең күшті сапаға қол жеткізу – бұл өмір талабы екенін әрбір қызметкер түсіну керек, осы бойынща біз жұмыс жүргізіп жатырмыз», - деп, «Гефест» Ассоциациясының басты операциондық директоры  Олжас Турабаевич Оралов компания үшін  маңызды оқиғаны түсініктеді.

Экономикалық дағдарысқа қарамастан, «Гефест» өндірістің алдағы жоғарлауына дайындық жұмыстарын жүргізіп жатқаны, нарықтағы болып жатқан жағдайға қарамастан компанияның басшылығы ассоциацияның алдағы дамуын жоспарлап отыр. «Гефест» ассоциациясының акционері  Ильдар Тагирович Закиров сеннімен былай дедеі: «Біздің компания дағдарысты қалыптасқан бизнестің тұрақтылығын, оның бәсекелестік мүмкіншіліктерін және ішкі резервтерін тексеру мүмкіндігі ретінде қабылдады. Жаңа атпалардың монтажы көмірдің тұрақты жеткізілімін қамтамасыз етеді. Бұл бізге болашаққа сеніммен қарауға мүмкіндік береді. «Гефест» өзінің дамуын жалғастырады, біздің бағыт – тек қана алға!»

Вернуться назад