Жаңалықтар

 

2009 жылдың 16 мамыры – Қарағанды, Қазақстан – «Гефест» Көмір Өндірісінің Кәсіпорындар Ассоциациясы құрамына кіретін компаниялар Халықаралық еңбекті қорғау күніне арналған жыл сайын өткізілетін бірінше шараны өткізді. Бұл шараның мақсаты қызметкерлер және олардың жанұя мүшелерінің еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы сұрақтарына көңіл аудару.
«Гефест» Ассоциациясы құрамына 30 ұйым мен кәсіпорындар кіреді, соның ішінде ауқаттандыру фабрикалары, жылу электростанциялары және басқа да өндіруші кәсіпорындар, олардағы жұмыс қауіпсіздік техникасының талаптарын қатаң сақтауды талап етеді. Жұмыс орында жарақат алу кез-келген салада мүмкін: күні бойы жұмыс орында отыратын офис қызметкерлері де, өндіргіш жарақаттың құрбаны бола алады. Әрине, көмір өндіруші, қуат және басқа да өндіруші салаларында жарақат алу туекелі жоғары. «Гефест» өзінің алдына өндіргіш жарақат алуды минимумға шығаруды мақсат етіп қойды, қайғылы оқиғалардың алдын алуға күш салуда.
«Біздің ойымызша, қауіпсіз еңбек – бұл біздің компанияның негізсалушы құндылығымыздың бірі және Ассоциация кәсіпорындарында қайғылы оқиғаларды болдыртпау, компанияның мақсаттарының бірінші орнында тұрғаны және тұруы жай емес. Біз ешқашанда біздің кәспорындарымызда қайғылы оқиғалар болып жатқанын жасырмаймыз, бірақ жағдайды өзгерту және осындай жағдайлардың қайталанбауы үшін әрбір қайғылы оқиғаның егжей-тегжейі қарастырылып сарапталынады. Болып жатқан жағдайды сараптай отырып, қауіпсіздік техникасының ережелерінің талаптарын орындаудағы формальді қатынаста және қауіпті өндірістегі сақтық мәселесі екенін түсінеміз», -деді «Гефест» Ассоциациясының басты операциондық директоры Оралов Олжас Турабаевич.
Еңбекті қорғау сұрақтары бойынша бүкіл персоналдың формальді қатынасын нағыз ойланып қабылданған іс-әрекеттерге өзгерту мақсатымен «Гефест» жарыс түрінде өткізілген шара кампаниясын жүргізеді негізгі. Қазіргі таңда 175 елді біріктіретін, Халықаралық Еңбек Ассоциациясы Халықаралық еңбек қорғау күнін 28 сәуірде тойлайтындықтан бұл оқиға сәуір айының соңына жоспарланған еді, бірақ ауа-райы жағдайынан мамырдың ортасына ауыстырылды. Ассоциацияның әр түрлі кәсіпорындарынан 10 команда алғашқы медициналық көмек көрсету бойынша, сақтану құралдарын қолдану бойынша жарысқа, сонымен қатар қатысушылардың теоретикалық білімін тексеретін жарыстарға қатысты. Өрт сөндіру машинасы қолданылған өрт сөндірушілердің көмегімен өрт сөндіру қолғаптарын қолдану және жаю бойынша жарыс өтті.
Өткізілетін шаралар тек кәсіпорындар персоналын ғана қосып қоймай, олардың жанұя мүшелеріне де қатысты, өйткені тек осы адамдардың терең түсінушілігі мен қолдауы арқылы еңбектің қауіпсіздігін жақсартуға қол жеткіземіз. Сондақтан да командалар құрамында тек Ассоциация қызметкерлері ғана емес, сонымен қатар олардың жолдастары мен балалары болды, олар жанұялық жарыстарға қатысты және жол ережелері бойынша балалар жарысына қатысты.
Жарысты өткізуге дайындық процессінде үлкен жұмыс атқаралды. Кәсіпорындар арасында қауіпсіздік техникасы бойынша ең жақсы кабинетке және еңбекті қорғау бойынша ақпараты бар стендке конкурс өткізілді. Қызметкерлердің балалары «Қауіпсіздік балалар көзімен» атты сурет конкурсына қатысты.
Бұл шара «Гефест» қызметкерлерінің аппатық жағдайларға қаншама дайын екенін және теоретикалық және тәжірибелік білімдердегі тетіктерді толтыруға мүмкіндік берді, ал ең бастысы қауіпсіздік техникасы тақырыбын тартымды және қызықты етті. Дудаков Михаил Федорович «Гефест» Ассоциациясының қауіпсіздік техникасының және экология бойынша директоры: ««Гефестте» өткен қауіпсіздік техникасының күні барлық кәсіпорындардағы осы бағыттағы жұмысты белсендетті. Осы шараларға дайындақ және жарыстар, сөзсіз, ұжымдық сезімін тәрбиелеуге, кәсіпорындардағы командалық рухтың нығаюна, қойылған мақсаттарға қол жеткізуге болатынына мүмкіндік жасады», деп қосты.
3 жеңімпаз команда кәсіпорындардағы қауіпсіздік мәдениетін дамытуға мүмкіндік туғыздыратын, материалдарды алу үшін пайдаланатын сыйлы сертификаттар жеңіп алды.

Вернуться назад