Жаңалықтар

 

2009 жылдың 1 маусымы – Қарағанды, Қазақстан – «Гефест» Ассоциациясы дамудағы мүмкіншіліктері шектелген балалар үшін облыстық бала үйінің (бұрынғы Крупская атындағы) тәрбиеленушілеріне балалар қорғау күніне арналған мерекелік концерттің ұйымдастырушысы және басты демеушісі болды.
Бұл мекеме 4 жастан 17 жасқа дейінгі 300-350 балаға үй болып табылады. Айтарлық, 2009 жылдың маусымында бұл балалар үйі өзінің 75-жылдығын тойлайды, демек бұл мекеме Қазақстан Республикасының ең алғашқы балалар үйі.
Төлем ақысыз жұмыс істеуге ықыласын білдіріп, бұл концертті өткізу идеясын Қарағандының көптеген әртістері мен колективтері қолдады. Жаңа Майқұдық мәдени сарайының әкімшілігі осы шара үшін өзінің залын ақысыз қолдануға ұсынды. Осының арқасында Ассоциация қызметкерлерінің мерекеге 150-ден артық бала шақыруға мүмкіндігі болды. Көрініс өте қызықты және көңілді өтті: Қарағандының атақты әншілері Иван Небесный және Лилия Боронова, Антонина Голева басшылығымен «Флэш» қазіргі би шоу-балеті, шығыс билерінің бишісі Валерия Валеева, «Феерия» циркінің әртістері жаттықтырылған көгершіндер және тышқандармен, күлдіргі әртестермен, сонымен қатар Юлия Комиссарова басшылығымен «Триумф» балалар би коллективі бір жарым сағат бойы балалардың көңілдерін көтерді. Әртістердің айтуынша: «Балалар – бұл ең игілікті көрермен. Біз олардың көздерінен қуаныш көрдік және де содан біздің орындауымыздағы номерлер ерекше сәтті өтті. Бұл біздің оларға істей алатынымыздың ең азы. Бұл үлкен ләззат – олардың өмірін кішкене ғана болсын жарық және қуанышты ету.»
Концерттен кейін балаларға балмұздақ пен шарлар үлестірілді. Ассоциацияның барлық қызметкерлерінің атынан балалар үйіне үй кинотеатры мен караоке сыйға берілді. Ұйымдастырушалар, бұл сыйлық балаларға рахаттану сәттерін әкеледі және қоғам олар туралы ұмытқан жоқ, біз олардың өмірінде көптеген қуанышты сәттер толы болсын деп, үміттенеді. «Гефест» Ассоциациясы осы шараға қатысқандарға көмек үшін, балар өмірін өзгертіп және жақсартуға ықыласы үшін үлкен алғысымызды білдіреміз.

Вернуться назад